Павлодарда көшедегі құбырды тазалаған жұмысшы мерт болды

Жұмысшы қорғаныш каскасын кимеген
Sputnik
АСТАНА, 12 шілде – Sputnik. Абайсызда болған өлімге қатысты тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Болжам бойынша 12 шілде күні таңертең Н. Назарбаев даңғылы, 17/1 мекенжайы бойынша ЖШС бірінің қызметкері нөсер кәрізінде құбырларды тазалау кезінде басынан алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Жұмысшы қорғаныш каскасын кимеген.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.