Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АҚШ қорғаныс бюджеті аясында Украинаға көмекті арттырды

Биылғы жылы Украинаға қауіпсіздік желісі бойынша көмек бюджеті 300 миллион долларды құрады
Sputnik
АСТАНА, 12 шілде – Sputnik. АҚШ Сенатының қарулы күштер жөніндегі комитеті РИА Новости агенттігіне 2026 жылға арналған қорғаныс бюджеті бекітілгенін, онда Украинаға қауіпсіздік саласындағы көмекті 500 миллион долларға дейін арттыру көзделгенін растады.
Дауыс беру жабық есік жағдайында өтті. Тиісті комитет өкілінің айтуынша, заң жобасын 26 мүше қолдап, біреуі ғана қарсы дауыс берген. Енді заң жобасын Сенат толық құрамда мақұлдауы керек, содан кейін құжат АҚШ президенті Дональд Трампқа қол қоюға жіберіледі.
"Украинадағы қауіпсіздікке жәрдемдесу бастамасын (USAI) 2028 жылға дейін ұзартады және бекітілген қаржыландыруды 500 миллион долларға дейін арттырады", - делінген.
Биылғы жылы Украинаға қауіпсіздік желісі бойынша көмек бюджеті 300 миллион долларды құрады. Сонымен бірге заң жобасы Пентагонды Украинаға барлау ақпаратын беруді жалғастыруға міндеттейді.
"Қорғаныс министрін Украина үкіметіне ақпарат, барлау және виедеоларды жинауды қоса алғанда, барлау қызметін қамтамасыз етуді жалғастыруды міндеттейді", - делінген құжатта.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Симоньян АҚШ қолдауын тоқтатқан жағдайда Украинадағы жағдай қалай болатынын айтты