АСТАНА, 12 шілде – Sputnik. Алматы қаласында сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімі жаңартылды, деп хабарлайды қалалық әкімдік.
Тізімде 28 тұрғын үй кешені бар.
Алатау ауданында:
"Питтсбург" тұрғын үй кешені – Дархан ықшам ауданы, Сабатаев көшесі, 24;
"Достар Deluxe" тұрғын үй кешені – Мәдениет ықшам ауданы, 185/8.
Алмалы ауданында:
"Auezov Apartaments" тұрғын үй кешені – Қарасай батыр көшесі, 183/19;
"Tole bi Residence" тұрғын үй кешені – Аносов көшесі, 103 Б;
"Кабанбай батыр" тұрғын үй кешені – Исаев, Қабанбай батыр, Байғанин, Қарасай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан;
"M-Park" 2-кезеңі – Әуезов көшесі, 2/8.
Бостандық ауданында:
"Швейцария" тұрғын үй кешені – Нұрлытау ықшам ауданы, 1480/1, 1480/10, 1480/8, 1480/6, 1480/23, 1480/22 учаскелерінде;
"Rich" клуб үйі – Мирас ықшам ауданы, 24/1, 24/2;
"7 Avenue" тұрғын үй кешені – Ремизовка ықшам ауданы, 7-ші тұйық көше, уч. 71, 73, 75;
Атауы жоқ көп қабатты тұрғын үй – Ерменсай ықшам ауданы, Жәнгір хан көшесі, 46;
"Evim novo" тұрғын үй кешені – Қарғалы ықшам ауданы, Кенесары хан көшесі, 85/3;
"Barakat" тұрғын үй кешені – Нұр-Алатау ықшам ауданы, Тауасарұлы көшесі, уч. 71/5, 71/6;
"Montblanc" тұрғын үй кешені – Ерменсай ықшам ауданы, 7-ші тұйық көше, уч. 8;
Тұрғын үй құрылысы – ПК Горный Гигант, уч. 596/4;
Бақша үйлері – ПК Жанару, уч. 556;
"Alatau park" тұрғын үй кешені – Нұр-Алатау ықшам ауданы, Баязитова көшесі, уч.13;
"Баганашыл" МТҮК – Мамыр саяжай серіктестігі, уч.138/2, 138/3, 138/4, 138/5.
Медеу ауданында:
"Sky Club House" клуб үйі – Фонвизин көшесі, 28;
"Maison" клуб үйі – Шашкин көшесі, 42/1;
"Pine Hill Residence" клуб үйі – 2-ші көше, уч. 33;
"Alma Garden" клуб үйі – 6-шы көше, уч. 7, 9;
Атауы жоқ көп қабатты тұрғын үй – Нұрмағамбетов көшесі, 374/1;
"Compositor" клуб үйі – Жамақаев көшесі, уч. 108.
Наурызбай ауданында:
"Люксембург" тұрғын үй кешені – Қарғалы ықшам ауданы, Қали Надыров көшесі, уч. 71, 73, 75;
"Flora" тұрғын үй кешені – Тастыбұлақ ықшам ауданы, Таутөген көшесі, уч. 6, 8, 10;
"Lantana" тұрғын үй кешені – Үлкен Алматы ауылдық округі;
"Французский дом" ТҮК – Қарағайлы ықшам ауданы, Чапаев агроқұрылымы, уч. 426;
Атауы жоқ МТҮК – Кенесары хан көшесі, уч. 98.
Бұл нысандардың көбі құжаттары толық емес, кейбірі жобадан ауытқып салынып жатыр, ал кейбірінің құрылысы әлі басталмаған, бірақ рұқсатсыз сатыла басталған.
Басқарма интернетте мониторинг жасап, осындай нысандарды анықтап отыр.
Әкімпдік үй аларда міндетті түрде сол тұрғын үй кешенінің рұқсат қағаздары бар ма, соны тексеріп алуды ескертеді.
Сұрақтар бойынша Алматы қаласының қала құрылысы бақылау басқармасының WhatsApp анықтама арнасына жазуға болады: +7 705 89 66 000