АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Жамбыл облысының Шу ауданында Оң жағалаудағы магистральдық каналдан егіс алқаптарына су беретін ирригация және дренаж жүйелерін реконструкциялау жобасы 91%-ға аяқталды, деп хабарлады су ресурстары және ирригация министрлігі.
Жоба Шу ауданының 5 172 гектар егістік алқабына су жеткізуді жақсартуға мүмкіндік береді.
"Жоба аясында суару каналдарының құрылысы мен жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл өз кезегінде су тасымалдау кезіндегі шығынды азайтып, суды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді", – деді вице-министрі Ерболат Ибрайханов.
Бұған дейін Жамбыл облысында жалпы 10 мың гектар егістік жерді сумен қамтамасыз ететін екі нысан пайдалануға берілген болатын.
Нысанды осы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.