Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты шешім шығарды

Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 16,50% деңгейінде белгіледі
Sputnik
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Қазақстанның ұлттық банкі базалық мөлшерлемеге қатысты кезекті шешімін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Банк мамандары базалық мөлшерлемені өзгертпеуге келісті.
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 16,50% деңгейінде белгіледі. Пайыздық дәліз +/- 1,0 п.т. құрады", - делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме әлі де көтерілуі мүмкін екенін айтқан болатын. Себебі "инфляция өскен сайын бізге де базалық мөлшерлемені көтеруге тура келеді".
Ұлттық банк цифрлық теңгені жаппай шығару мерзімін жариялады