Қол астындағыларды "рогаткамен" атқан полиция бастығына қатысты тергеу басталды

Полиция бұл жағдайға қатысты қызметтік тергеу басталғанын хабарлады
Sputnik
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Әлеуметтік желіде Абай облысының Шар қаласындағы полиция ғимаратында түсірілді делінген видео таралып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бейнежазбадан азаматтық киімдегі ер адамның полицей формасын киген адамдарды қуып жүріп "рогаткамен" атып жатқанын көруге болады. Сырттай қарағанда, бұл баланың ойыны сияқты.
Жазба авторы "рогатқа" ұстаған адам жергілікті полиция бөлімінің бастығы екенін, подполковник қарамағындағыларды осылайша "тәрбиелеп" жүргенін айтқан.
Абай облыстық полиция департаменті бұл жағдайға қатысты қызметтік тергеу басталғанын хабарлады.
"Абай облыстық полиция департаментінің жеке құрам жөніндегі инспекциясы оқиға орнында қызметтік тексеру жүргізеді. Тергеу нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шешім қабылданады", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.