Қазақстан мен Ауғанстан тауар айналымын 3 млрд долларға дейін ұлғайтады

Қазақстан мыртқы істер министрі Ауғанстанға жұмыс сапарымен барды
Sputnik
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ауғанстан билігімен сауда-экономикалық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Нұртілеу ауыл шаруашылығы, логистика, цифрландыру, пайдалы қазбалар өндіру, сауда және басқа да болашағы зор салалардағы ынтымақтастықтың басымдылығын атап өтті.
"Бүгін Ауғанстан – біз үшін сауда-экономикалық күн тәртібін белсенді дамытып отырған маңызды серіктестердің бірі. Біз тауар айналымын 3 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайтуды көздеп отырмыз. Бұл үшін Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін, жанар-жағармай материалдарын, минералдық тыңайтқыштарды, химия өнеркәсібі тауарларын жеткізуді арттыруға дайын", – деді ҚР СІМ басшысы.
Ауған өнімдерін қазақстандық нарыққа жеткізуді кеңейту мәселелері де қаралды.
Соңғы жылдары елімізде Ауғанстаннан жаңа піскен және кептірілген жемістер, минералды су мен алкогольсіз сусындар сатылады.
Сауданы дамыту мақсатында бұл өнімдерді Түрікменстан аумағы және Тургунди шекаралық қаласы арқылы Қазақстанның батыс өңірлеріне жеткізу ұсынылды. Бұл қазақстандық тұтынушыларға маусымаралық кезеңде жаңа өнім алуға, ал ауған фермерлеріне ірі нарыққа шығуға мүмкіндік береді.
Қазақстан мыртқы істер министрі Ауғанстанға жұмыс сапарымен барды
Тараптар орнықты және өзара тиімді сауданы қамтамасыз етудің маңызды элементі ретінде Трансауған бағытын дамыту мен тиімді көлік-логистикалық инфрақұрылым құру мәселесін егжей-тегжейлі талқылады. Осы тұрғыда Қазақстанның "Тургунди-Герат" темір жолынының құрылысына инвестиция салу ниеті расталды.
"Қазақ тарапы азық-түлік қауіпсіздігін арттыру және медициналық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған гуманитарлық бағдарламаларды одан әрі кеңейтуге дайын екенін білдірді", - деп жазылған хабарламада.
Әлеуметтік бастамалар мен Ауғанстан халқы үшін білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты жандандыруға ерекше назар аударылды. Осыған байланысты Қазақстан жүзеге асырылып жатқан қолдау бағдарламалары аясында ауған студенттеріне бөлінетін білім беру квотасын екі есеге арттыру ниетін мәлімдеді.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстанның Көлік министрлігі мен Ауғанстанның Қоғамдық жұмыстар министрлігі арасында Орталық Азия мен Оңтүстік Азия арасындағы теміржолды салу және пайдалану бойынша негізгі қағидаттар туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.