АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Владимир Зеленский 10 шілдеге қараған түні Ресей қарулы күштері Украинаға он сағаттық шабуыл жасағанын мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.
Оның айтуынша, Киев пен Киев облысына, сонымен қатар Чернигов, Сумы, Полтава, Кировоград және Харьков облыстарына соққы берілген.
Зеленский сондай-ақ Ресейге санкция арқылы қысым көрсетуді тезірек бастауға шақырды.
Бейсенбіге қараған түні украиналық ақпарат құралдары Черновцы, Киев және Сумы облысында бірнеше жойқын жарылыс болғанын хабарлады. "Страна.ua" басылымы осы жағдайдан кейін Киевті қою түтін басып қалғанын хабарлады.