Маңғыстауда мұнай мұнарасы құлады

Мамандар бұрғылау мұнарасын орнатып жатқанда темір конструкция қақ ортасынан майысып кеткен
Sputnik
АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Маңғыстау облысындағы кен орнында бұрғылауға арналған мұнара құлады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, бұл оқиға 9 шілде күні "Теңге" кен орнында болған. "Petro НефтеГазСервис" компаниясының мамандары №553 ұңғымада бұрғылау мұнарасын орнатып жатқанда темір конструкция қақ ортасынан майысып кеткен.
Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады. Онда екі автокранның мұнараны ортасынан ұстап көтергенін анық көруге болады. Сол кезде мұнараның бір бөлігі майысып құлаған.
"Зардап шеккендер жоқ. "Азаматтық қорғау туралы" заңға сәйкес, қауіпті нысанға жауапты ұйым комиссия құрып, тергеу шараларын өткізеді", - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары.
Маңғыстау облысындағы мұнай ұңғымасында апат болды