АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Жетісу облысында 21 адамды қарақұрт шағып алды, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Биыл облыста қарақұрт қатты көбейген. Ауруханаға улы жәндік шаққан 21 адам түскен, оның 7-еуі бала.
"Қалалық көпсаласы ауруханада 10 адамға көмек көрсетілді. 2 адам жансақтау бөліміне жатқызылды", - дейді ведомстводағылар.
Ауруханаларда қарақұрттың уына қарсы препарат жеткілікті, дейді дәрігерлер.