Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей мен Украина меморандумдарды талқылауды бастауы керек – Песков

Кремль келіссөздің үшінші кезеңі өтеді және диалог жалғасады деп күтіп отыр
Sputnik
АСТАНА, 9 шілде – Sputnik. Ресей мен Украина меморандумдарды талқылауды бастауы керек, бұл да күрделі процесс болады, деп мәлімдеді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
"Сіздер белгілі бір жұмыстың атқарылғанын білесіздер - екі өте күрделі раунд өтті. Біз үшіншісі (келіссөздер раунды - ред.) өтеді және диалог жалғасады деп күтіп отырмыз. Біз алмасылған меморандумдарды талқылауды бастауымыз керек. Бұл да өте күрделі процесс болады және бір түнде немесе бір күнде шешілетін шаруа емес", - деді Песков журналистерге.
2 маусымда Ыстанбұлда Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келіссөздің екінші кезеңі өтті. Ресей делегациясын бұрынғыдай президенттің көмекшісі Владимир Мединский басқарып барды. Украина делегациясына елдің қорғаныс министрі Рүстем Умеров жетекшілік етті.
Ресей мен Украина тұтқын алмасу туралы келісімге келді: науқастар мен ауыр жаралылар, 25 жасқа дейінгі тұтқындар алмастырылды.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Ыстанбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің екінші кезеңі өтіп жатыр