Құны - 999 теңге: Қайрат Нұртас онлайн концертінен түскен ақшаны қайда жұмсайды

Көмекшісі концертті қанша адам көріп, қанша ақша түскенін айтудан бас тартты
Sputnik
АСТАНА, 9 шілде – Sputnik. Әнші Қайрат Нұртас өз концертінің онлайн көрсетілімін ұйымдастырды.
Қайрат Нұртас концертінің онлайн көрсетілімін 999 теңгеге бағалаған. Бұл концерт 7 шілдеде өтті.

"Біз концерттің онлайн көрсетілімін телеграмда ұйымдастырдық, билет құны - 999 теңге. Бірақ бұл ақша табу үшін емес, қайырымдылық үшін. Жиналған ақша мұқтаж жандарға беріледі", - дейді әншінің көмекшісі Жанар.

Көмекшісі концертті қанша адам көріп, қанша ақша түскенін айтудан бас тартты. Сондай-ақ қаржы қай қорға аударылатыны да айтылмады. Әншінің көмекшісі қайырымдылықты айтпай жасау керек дейді.
Сәкен Майғазиев онлайн тойы үшін қанша салық төлейді