АСТАНА, 9 шілде – Sputnik. Ресейде "Иннопром" халықаралық өнеркәсіп көрмесі өз жұмысын жалғастырып жатыр.
Шара аясында Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Ханты-Манси автономиялық округінің губернаторы Югра Руслан Кухарукпен кездесті.
Ханты-Манси автономиялық округі әлемдегі ең ірі мұнай өндіруші аймақтардың бірі болып табылады. Осыған байланысты Қазақстан өзара іс-қимылға, тәжірибе алмасуға және осы салада бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі.
Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Ханты-Манси автономиялық округінің губернаторы Югра Руслан Кухарукпен кездесті
© Photo : посольство Казахстана в России
Сондай-ақ тараптар екіжақты байланысты нығайту және құрылыс және өңдеу өнеркәсібінде бірлескен жобаларды жүзеге асыру қажеттігін талқылады.
Абаев экологиялық, сауықтыру және спорттық туризмді дамытып жатқан Юграның туристік тартымдылығына да назар аударды.
Елші туризмді өңірлердегі экономикалық белсенділіктің қозғаушы күші ретінде қарастыратынын айтып, бұл саланың орасан зор және әлі толық дамымаған әлеуеті бар екенін мәлімдеді. Салыстырмалы түрде жақын географиялық орналасуы қазақстандықтардың осы өңірге белсенді саяхаттауына жақсы мүмкіндіктерге жол ашады.