Астанада әскери қызметкер жарақат алды

Қарумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шаралары бұзылған
Sputnik
АЛМАТЫ, 9 шілде – Sputnik. Астана қаласындағы әскери авиациялық базаның аумағында әскери қызметкер жараланды, деп хабарлайды Қазақстан әуе қорғанысы күштерінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, қарумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шаралары бұзылған. Салдарынан әскери қызметкер жараланған.
"Жәбірленуші дереу елордалық емдеу мекемесіне жеткізілді, онда оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Жағдай ауыр, бірақ тұрақты деп бағаланып отыр", - дейді әуе қорғанысы күштері.
Оқиғаның мән-жайын жан-жақты және объективті анықтау үшін қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Жамбыл облысында әскери полигонда үш офицер жарақат алды