Алматылық бозбала бір аптадан бері табылмай жатыр

Ол 2 шілдеде үйден шығып, тауға кеткен
Sputnik
АЛМАТЫ, 9 шілде – Sputnik. 17 жастағы Алматы тұрғыны Нұрислам Ақылбек бір аптадан бері табылмай жатыр, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Туыстарының айтуынша, ол 2 шілдеде үйден тауға кеткен. Содан бері оралмаған.
"Жоғалған баланы іздестіру жұмысын Медеу аудандық полиция бөлімі жүргізіп жатыр", - дейді ведомство.
Баланың жоғалғаны туралы өтініш құтқарушыларға 6 шілдеде түскен. Қазіргі уақытта жасөспірім ауқымды түрде іздестіріліп жатыр. Оған төтенше жағдайлар министрлігі, шекара қызметі, сондай-ақ еріктілер қатысуда. Қосымша дрондар, тікұшақ және іздеу техникалары жұмылдырылды.
Шығыс Қазақстанда орманда жоғалған қарт әйел екі күннен кейін табылды