ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің директоры тағайындалды

Sputnik
АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің директоры тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысының өкімімен Нұржан Маратұлы Құсайынов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің директоры лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламда.
Нұржан Құсайынов биыл мамырда президенттің жарлығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағын алған болатын.
Еске сала кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамына кірді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы басшысы ұсталды