АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. АҚШ-тың Техас штатындағы су тасқынынан қайтыс болғандар саны 104-ке жетті, деп хабарлайды NBC News. Бұл туралы РИА Новости жазды.
"Алты округте кем дегенде 104 адам қайтыс болды. Керр округінде билік 84 адам қаза тапқаны туралы хабарлады: 56 ересек адам және 28 бала", — делінген телеарна сайтында.
Дүйсенбіде Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левитт журналистерге табиғат апатынан 91 адам құрбан болғаны туралы хабарлады.
АҚШ-тың ұлттық ауа райы қызметі Х әлеуметтік желісінде Техастың Керр округінің бірнеше қаласында су тасқыны салдарынан төтенше жағдай жариялады.
Бұл аймақтағы жарты миллионнан астам адамға су тасқыны қаупі төніп тұр, деп хабарлайды CNN.
Техас губернаторы Грег Эбботт штат билігі барлық қолда бар ресурстарды, соның ішінде ұлттық гвардияны жойқын су тасқынымен күресуге бағыттап жатқанын айтты.