АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Түркия тарапы Ыстанбұлдағы Ресей мен Украина келіссөзінің үшінші кезеңінің нақты уақыты туралы әзірге ақпарат алған жоқ, деп хабарлады РИА Новостиге түрік дипломатиялық дереккөзі.
Ыстамбұлда Ресей мен Украина тікелей келіссөздің екі кезеңін өткізді. Нәтижесінде тұтқындар алмасылды. Сондай-ақ Ресей қаза тапқан әскерилердің денесін Киевке тапсырды. Сонымен қатар тараптар қақтығысты реттеу бойынша меморандум жобаларын алмасты.
Түрік дипломатиялық дереккөзі бұған дейін Түркия Ыстамбұлдағы келіссөздің үшінші кезеңінің датасын белгілеу туралы Ресей мен Украинаның шешімін күтіп отырғанын айтқан.
"Келіссөздің үшінші кезеңі туралы жаңа ақпарат әлі түскен жоқ", - деді дереккөз.