Абай облысында бала піләкке кіріп шыға алмай қалған

Бұл жағдай оның ата-анасының көз алдында болған
Sputnik
АЛМАТЫ, 7 шілде – Sputnik. Абай облысы Аягөз қаласында 5 жасар қыз піләкке кіріп, қайтып шыға алмай қалған, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Баланы шығару үшін құтқарушылар шақырылды.
"Жеке үйдің ауласында ойнап жүрген бала алюминиден жасалған құтыға кіріп, шыға алмай қалды. Бұл жағдай оның ата-анасының көз алдында болған, олар өз күшімен баланы шығара алмай, құтқарушылардан көмек сұрады", - дейді ведомство.
ТЖМ қызметкерлері "Holmatro" гидравликалық жабдығының көмегімен піләкті кесіп, қызды шығарып алған.
Абырой болғанда балаға қауіп жоқ. Ол медициналық көмекке мұқтаж емес.