Әлем кубогы: тағы екі боксшы чемпион атанды

Әзірге Қазақстан қоржынына боксшылар жеті медаль салды
Sputnik
АЛМАТЫ, 6 шілде - Sputnik. Астанада өтіп жатқан бокстан әлем кубогында екі алтын медальді Бекзат Нұрдәулетов пен Махмұд Сабырхан салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бекзат Нұрдәулетов ақтық сында 85 келі салмақта үндістандық Жугно Жугномен жұдырықтасты. Ол алғашқы раундта-ақ қарсыласын нокдаунға түсіріп, 5:0 есебімен жеңіп, әлем кубогының алтын жүлдесін иеленді.
Бокстан әлем кубогында қазақстандықтар үш алтын және бір күміс медал жеңіп алды
55 келі салмақтағы Махмұд Сабырхан ақтық сайыста жапониялық Руи Ямагучимен жұдырықтасу керек еді. Отандасымыздың қарсыласы жекпе-жектен бас тартуына байланысты Махмұд Сабырхан әлем кубогының чемпиондық атағына қол жеткізді.
Ал 80 келі салмақта күш сынасқан Нұрбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері атанды. Ол финалда француз Иожерлин Сезарге есе жіберіп алды.
Бұған дейін Назым Қызайбай алтын жүлде алған еді.
Сонымен қатар Сағындық Тоғамбай, Аида Әбікеева, Айдана Забынбекова қола жүлдеге қол жеткізді.
Қазақстанда өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогына қатысу үшін 29 елден 250 боксшы келді. Бұл – рейтингтік жарыс. Жеңімпаздардың әрбір ұпайы Олимпиадаға жолдама алуға әсер етеді.
Бокстан әлем кубогында қазақстандықтар үш алтын және бір күміс медал жеңіп алды