АСТАНА, 5 шілде - Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Украина төңірегіндегі жағдайдың шешімін тапқысы келетінін айтты, деп хабарлады РИА Новости.
"Украинадағы жағдайға АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден жауапты. Мен тек оны шешуге тырысып жатырмын. Көрерміз. Білмеймін, бұл шешіле ме, жоқ па, нақты айта алмаймын. Бірақ мен шешімін тапқым келеді", - деді Трамп.
Күні бұрын Трамп Украинадағы қақтығысты реттеу барысына көңілі толмайтынын мәлімдеп, Ресей басшысы Владимир Путинмен сөйлескен кезде бұл жайында прогреске қол жеткізе алмағанын айтты.
Осыған қатысты Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков түсініктеме беріп, Ресей президент Трамптың барлық мәлімдемесіне жіті назар аударатынын жеткізді.
3 шілдеде Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп телефон арқылы сөйлесті. Президенттер украиналық қақтығысты реттеу және Таяу Шығыстағы жағдайды талқылады.