Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Bloomberg Украинаны қалпына келтіру қорын қаржыландыру тоқтатылғанын хабарлады

Sputnik
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Америкалық BlackRock корпорациясы қаңтар айында Украинаны қалпына келтіру қорын қаржыландыратын инвесторларды іздеуді тоқтатты, деп жазды Bloomberg дереккөзге сілтеме жасап.
"BlackRock Inc. осы жылдың басында миллиардтаған долларлық Украинаны қалпына келтіру қорын қаржыландыру үшін инвестор іздеуді тоқтатты", - деп жазды басылым.
Мұндай шешім бұл мемлекеттің болашағына қатысты белгісіздіктің күшеюі аясында қабылданған көрінеді
Ақпан айында Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль елді қалпына келтіру үшін 500 миллиард еуро қажет екенін, мұндай инвестиция алдағы бірнеше жылда Еуропа үшін негізгі міндетке айналуы мүмкін екенін мәлімдеді.
BlackRock – активтері 11 триллион доллардан асатын әлемдегі ең ірі трансұлттық инвестициялық компания.