Астана күні мерекелік отшашу болады

Отшашу демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады
Sputnik
АСТАНА, 5 шілде - Sputnik. Астанада 6 шілдеде – Елорда күніне орай мерекелік отшашу болады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктегілер.
Отшашу демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады.
Салют шамамен сағат 23:00-де болады. Отшашуды отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін мерекелік "OPEN AIR" концертінен кейін "Ботаникалық бақ" аумағынан тамашалай алады.
Еске салайық, 6 шілдеде Қазақстанда Астана күні мерекесі атап өтіледі. Бұл мерекеге орай Астанада жыл сайын жүзден астам әртүрлі бағыттағы іс-шара өтеді.
Биыл да қала тұрғындары мен қонақтарына арнап ерекше шаралар, концерттер, шоулар, қойылымдар, акциялар, көрмелер, спорттық турнирлер және тағы басқа шаралар ұйымдастырылады.
Жеңістің 80 жылдығы
Жеңіс күні Астанада отшашу бола ма