АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабекті туған күнімен құттықтады. Бұл туралы ақынның өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Назарбаев Мұхамеджан Тазабекті туған күнімен құттықтады
© Photo : Мұхамеджан Тазабектің инстаграм парақшасы
"Тұңғыш президентіміз Нұр ағаның ақсақалдық батасы мен ризашылыққа толы құттықтау хаты төбемді көкке жеткізді. Өзіңіз қалаған еліміздің әр кірпіші нығайып, тәуелсіздігіміздің тұғыры биіктей берсін!", - деп жазды Тазабек.
Сонымен қатар ақынға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Димаш Ахметұлының халықаралық қоры ақ тілек арнап, ықыласын білдірген.