Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы басшысы ұсталды

Татубаев "азаптау" бабы бойынша күдікке ілінді
Sputnik
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы басшысы ұсталды, деп хабарлады бас прокуратура.
"2025 жылдың 3 шілдесінде Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-бөлігінің 1), 2) тармақтарында көзделген қылмысты (азаптау) жасады деген күдікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы басшысы Т.М.Татубаев ұсталды", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Қосымша дәлелдемелерді жинауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Прокуратурадағылар Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілуге жатпайтынын хабарлады.
Шымкентте түнгі клубтан ай сайын 2,5 млн теңге талап еткен қылмыстық топ ұсталды