АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Продюсер Баян Алагөзова өзін сынаған әнші Меруерт Түсіпбаеваға жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Алагөзова Түсіпбаеваның сөзіне қысқа ғана жауап берді.
"Адам дарынсыз болған сайын оның талаптары да көп болады", – деп жазды Алагөзова.
Алагөзова өзін сынаған Түсіпбаеваға жауап берді
© Photo : стористен скриншот
Еске сала кетейік, Меруерт Түсіпбаева продюсерге шүйліккен болатын. Айтуынша, Баянның қазақ тілін жетік меңгермеуі және дәстүр мен мәдениетті терең білмеуі – тарихи туындыларға жетекшілік ету үшін жеткіліксіз.