АЛМАТЫ, 3 шілде – Sputnik. Астанада заңсыз қоқыс төгу фактілері анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
"Таза Қазақстан" акциясы басталғалы бері 52 мыңнан астам заңбұзушылық тіркелді. Олар:
қоқысты заңсыз тастау,
рұқсат етілмеген жерлерге ағынды суларды төгу,
қоршаған ортаны ластау.
"Акция басталғалы бері 617 жүк және ассенизатор көлігінің жүргізушісі жауапкершілікке тартылды. Рейдтік іс-шаралар жүргізу кезінде Тілендиев даңғылы бойында қоқыс төгу фактілері тіркелді. Аталған факті бойынша жүргізушілерге қатысты материалдар жиналып, әкімшілік іс қозғалды", - дейді ведомство.
Қазіргі уақытта Астана полициясы мен жауапты сала мамандары заңсыз қоқыспен жаппай күресіп жатыр.