Атырауда 38 рет жол ережесін бұзған жүргізушісі ұсталды

Жүргізуші 38 мәрте жол қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны белгілі болды
Sputnik
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Атырауда 1,9 млн теңге айыппұлы бар көлік жүргізушісі анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Айыппұл иесі жедел басқару орталығының қызметкерлері "Interceptor" автоматтандырылған бақылау жүйесі арқылы анықталған. Айыппұлдың жалпы сомасы - 1 904 620 теңге. Жүргізуші 38 мәрте жол қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны белгілі болды.
"Toyota Camry автокөлігі қала көшелерінің бірінде жүрген кезде жүйе арқылы тіркеліп, бұл дерек жақын маңдағы патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама түрінде берілген. Нәтижесінде көлік жол бойында тоқтатылып, арнаулы тұраққа қойылды", - деп жазылған хабарламада.
Көлік иесі – 32 жастағы қала тұрғыны. Қазіргі уақытта оған қатысты тиісті іс-құжаттар рәсімделіп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданып жатыр.
"Interceptor" жүйесі — бұл арнайы бейнебақылау мен талдау құрылғылары арқылы айыппұлы бар немесе іздеуде жүрген көліктерді автоматты түрде анықтайтын интеллектуалды жүйе.
Үй жануарларын вакциналамаған мал дәрігерлеріне 600 мың теңгеге жуық айыппұл салынды