АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. "Еуразия жүрегіне саяхат" халықаралық экспедициясы киелі Түркістан өңіріне жетті.
Экспедиция қатысушылары кешкі субұрқақтар шоуын, "Алтын самұрық" ұшатын 8D театрын тамашалады.
Кейін қаланың тарихи жерлерін аралап, көне дәстүрдің көзіндей болған Түркістанның қонақжайлылығына куә болды.
"Біз өзімізді Орталық Азиядағы нағыз шығыс ертегісіне тап болғандай сезіндік, - деп жазды саяхатшылар.
Еске сала кетейік, халықаралық экспедиция Мәскеуден басталған.