АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. Бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов ұсталды. Бұл ақпаратты министрлік растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазір ол "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ басшысы қызметін атқарып жүр.
"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ басшысының ұсталу фактісін растайды. Министрлік тергеу органдарына белгіленген тәртіппен көмектеседі. Тергеу барысына қатысты барлық мәселелер уәкілетті органдардың құзыретінде болады", - делінген ведомство хабарламасында.
Сарбасов министрлік құрылымында 2005 жылдан бері жұмыс істейді, араға 15 жыл салып вице-министр дәрежесіне дейін көтерілді. Ал 2025 жылы Еңбек ресурстарын дамыту орталығын басқаруға барды. Ол бұған дейін ешбір дау-дамайға ілікпеген.