Биыл ауылдарда 150-ге жуық алғашқы медициналық көмек көрсету нысаны салынады

Ең көп нысан Абай облысында тіркелген - 62
Sputnik
АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. Жыл соңына дейін елде 150-ге жуық жаңа медициналық нысан салынады, деп хабарлады денаулық сақтау министрлігі.
Бұл нысандар "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы шеңберінде салынып жатыр.
Ауылдық елді мекендерді медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарымен қамтамасыз ету үшін 655 нысан, оның ішінде 260 медициналық пункт, 235 фельдшерлік-акушерлік пункт және 160 дәрігерлік амбулатория салу жоспарланып отыр.
Құрылыс арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен, жергілікті бюджет қаражатынан және "Ауыл ел бесігі" бағдарламасы шеңберінде қаржыландырылады.
Ведомство хабарлағандай, бүгінде 508 нысанның құрылысы аяқталған. Ең көп нысан Абай облысында тіркелген - 62.
Алматыда ішкі сұранысты 90%-ға дейін қамтамасыз ететін медициналық бұйымдар зауыты ашылды