Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратылды - Тоқаев жарлыққа қол қойды

Антикор Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі болып қайта құрылды
Sputnik
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін қайта құру туралы Жарлыққа қол қойды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосылды.
Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру мен іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту бойынша өкілеттіктер мемлекеттік қызмет істері агенттігіне берілді.

Тағы бір айта кетерлігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет енді президентке тікелей бағынбайды және есеп бермейді.
Қаулыға сәйкес Ұлттық қауіпсіздік комитеті бір айда президент қарауына қызмет туралы ереже жобасы мен Үкімет және Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп, қайта ұйымдастырылған агенттіктің функциялары мен өкілеттіктеріне сәйкес штат санын қайта бөлу жөніндегі ұсыныстарды енгізуге тиіс.

Үкіметке 1 қыркүйекке дейін тиісті заң жобасын парламентке енгізу тапсырылды.
Тоқаев аумақтық қорғаныс туралы заңға қол қойды