АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. "Еуразия жүрегіне саяхат" халықаралық экспедициясы Қазақстандағы сапарын жалғастырып жатыр.
Бұған дейін саяхатшылар Ресейдің облыстарында, сондай-ақ Қазақстанның Ақтөбе, Арал және Байқоңыр қалаларында болды. Кезек Қызылордаға келді.
"Түнде келдік, бірақ жергілікті қонақжай халық үшін бұл проблема емес! Біз қымыз ішіп, бауырсақ жедік – аш адамдар экраннан әрі отырсын", - деп жазды экспедицияға қатысушылар.
Күндіз қонақтар үшін экскурсия ұйымдастырылды. Олар дәстүрлі құндылықтар сақталып, қазақ аналарының өмірі мен еңбегін еске түсіретін "Анаға тағзым" орталығында болды.
Сондай-ақ Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев пен "Еуразия жүрегіне саяхат" экспедициясы ұйымдастыру комитетінің жетекшісі Ислам Назаралиевтің кездесуі өтті.
Қалаға сапар "Достық бағы" акциясы аясында дәстүрлі ағаш отырғызу іс-шарасымен аяқталды.
Экспедиция Қазақстан аумағын одан әрі аралауға аттанып кетті.