АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Әділет экс-министрі Марат Бекетаев 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сот үкімімен Бекетаевтың мүлкі де тәркіленді.
Бекетаев алаяқтық, аса ірі мөлшерде ақша жымқыру және кәсіпкерлік қызметпен заңсыз айналысу әрекеттері үшін айыпталған болатын.
Экс-министрге қатысты тергеу шаралары "құпия" грифімен жүргізілді.
"Сондықтан тергеу материалдары мен қылмыстың мән-жайы жариялауға жатпайды", - деп атап көрсетті Бигайдаров.