Атырауда 11 жастағы бала лифт шахтасына құлап кетті

Зардап шеккендер жоқ, ешкім медициналық көмекке жүгінбеген
Sputnik
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Атырауда 11 жастағы бала лифт шахтасына құлап кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Бала велосипедпен лифтіге кірмек болғанда, оның есігі жабылып қалып, велосипед есік пен кабина арасына қысылып қалған. Кейін лифт жоғары көтеріліп, бала ашылып кеткен есіктен төменге құлап кеткен.
Қала әкімдігінің мәліметінше, лифтіде ақау болған. Зардап шеккендер жоқ, ешкім медициналық көмекке жүгінбеген.
Қазіргі уақытта кезектен тыс техникалық тексеру жүргізілуде.