АЛМАТЫ, 30 маусым – Sputnik. Алматыда аялдамаға Газель көлігі соғылып, бір жолаушыны қағып кетті, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Оқиға 30 маусым таңғы сағат 7:00 шамасында Әуезов ауданында болған.
"Газель көлігі Шаляпин көшесімен батыс бағытта жүріп бара жатқанда аялдамаға соғылған. Содан кейін аялдамада тұрған 22 жастағы жолаушыны қағып кеткен. Жолаушы ауруханаға жеткізілді", - дейді ведомство.
Жол апатына қатысты тергеу жүріп жатыр.
Дәрігерлердің айтуынша, Газель қағып кеткен бойжеткеннің жағдайы орташа ауыр.
"Жол апатынан зардап шеккен науқас №7 МКБ қабылдау бөліміне түсті. Басынан жабық жарақат алып, миы шайқалған. Қазіргі уақытта нейрохирургия бөлімінде ем алып жатыр. Жағдайы орташа ауыр", - дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасы.