Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей делегациясының жаңа басшысы Киевпен арадағы келіссөздерге қатысты пікір білдірді

Ыстанбұлдағы келіссөздердің екінші раунды аясында Ресей мен Украина делегациялары қақтығысты реттеу бойынша меморандумдармен алмасқан болатын
Sputnik
АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Венадағы әскери қауіпсіздік және қару-жарақты бақылау жөніндегі келіссөздерде Ресей делегациясының жаңа басшысы Юлия Жданова Ыстанбұлдағы келіссөздерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін Ыстанбұлда екі рет Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер өткен болатын. Соның нәтижесінде екі жақ тұтқындармен, сондай-ақ, қаза тапқан сарбаздармен өзара алмасуға келіскен.
"Бейбіт процестің сәтті іске асуын шын ниетпен қолдайтындар іс жүзінде Ыстанбұлдағы Ресей мен Украина арасындағы тікелей келіссөздерді қолдап, соңғы және жан-жақты келісімнің жасалуына мүдделі болады деп сенеміз", - дейді Жданова.
Айта кетері, Ыстанбұлдағы келіссөздердің екінші раунды аясында Ресей мен Украина делегациялары қақтығысты реттеу бойынша меморандумдармен алмасты.
Ресей делегациясының басшысы Владимир Мединскийдің айтуынша, тараптар тағы тұтқындармен алмасуға келісті. Бұдан бөлек, қазақ болғандардың денелерін жинау үшін кейбір учаскелерде атысты тоқтату жайы да талқыланған болатын.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп: Украина мәселесін шешуіміз керек