АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Астана қаласының жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы бірнеше көшенің ішінара жабылатынын хабарлады.
Ал бір жолда көлік қозғалысы 1 қыркүйекке дейін толығымен тоқтатылады.
Жөндеу жұмыстарына байланысты ішінара жабылатын көшелер:
Керей Жәнібек хандары көшесі (Түркістан көшесінен Сауран көшесіне дейінгі аралық) - 30 маусымнан 6 шілдеге дейін;
Амман көшесі (Ж.Ташенов көшесінен Шарль де Голь көшесіне дейінгі аралық) - 29 маусымнан 4 шілдеге дейін.
Автокөлік құралдарының қозғалысы бір жолақта екі бағытта кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Ал Бөкейхан көшесінен №9 қалалық емханаға дейінгі учаске 30 маусым мен 1 қыркүйек аралығында толығымен жабылады. Емханаға тек Мәңгілік Ел даңғылы жағынан кіруге болады.
"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз", - дейді басқарма мамандары.