Жеңістің 80 жылдығы

Алматыда әскери қызметшілер соғыс ардагерін ғасырлық мерейтойымен құттықтады

Майдангер 1-ші Украина майданының әскери госпиталінде жаралы жауынгерлерге көмек көрсеткен
Sputnik
АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты мен Алмалы ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқарма өкілдері бірлесіп, Ұлы Отан соғысының ардагері Екатерина Баранованы 100 жасымен құттықтады.
Әскери қызметшілер қарияға естелік сыйлықтар табыс етіп, мерейтой иесіне соғыс жылдарындағы әндерді орындап берді.

"Екатерина Александровна Курск облысында дүниеге келген. 7-ші сыныпты бітіргеннен кейін ол Старооскольск медициналық техникумына түсіп, онда фельдшерге оқыған. 1943 жылы аудан неміс-венгер әскерлерінен босатылғаннан кейін бірден әскер қатарына шақырылып, 1-ші Украина майданының әскери госпиталіне жіберілді. 1945 жылдың соңына дейін ол жараланған жауынгерлерге көмек көрсетті", - делінген хабарламада.

Екатерина Баранова жеңісті Чехословакияда қарсы алған. Ардагер II дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Жауынгерлік ерлігі үшін", "Германияны жеңгені үшін", "Праганы азат еткені үшін" медальдарымен, сондай-ақ көптеген мерейтойлық наградалармен марапатталған.
Соғыстан кейінгі жылдары Екатерина Александровна ауруханада жұмыс істеген.
Жеңістің 80 жылдығы
Алматыда әскери қызметшілер соғыс ардагерін 100 жас мерейтойымен құттықтады