Алимент төлемеген ақтаулық пәтерінен айырылды

Бұдан басқа Маңғыстауда алимент төлемеген 5 адамға қатысты айыптау үкімі қабылданды
Sputnik
АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Ақтауда алимент төлемеген ер адам пәтерінен айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Қала прокуратурасы атқарушылық құжаттарға талдау жасап шықты.
"Талдаумен уәкілетті органға ұсыну енгізіліп, нәтижесімен 33 млн теңге және 1 пәтер өндіріп алушының пайдасына берілді. Одан басқа алимент төлеуден жалтарған 26 тұлғаға айыппұл және қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды", - делінген ресми хабарламада.
Сонымен қатар, Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен 5 адамға қатысты айыптау үкімі қабылданды.
Айта кетері, алимент төлемегені үшін жауапркешілік қарастырылған. Ал прокуратура сот үкімінен кейін алимент өндіру жөніндегі атқарушылық құжаттарды орындауды бақылап отырады.
Әдейі алимент төлемеген әке қылмыстық жауапкершілікке тартылды