АСТАНА, 28 маусым – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығыс шешіледі деп үміттенетінін айтты, деп хабарлайды РИА Новости.
"Біз бұл мәселені шешуіміз керек және мен бұл бағытта қандай да бір қадам жасалатынына сенемін", - деді Трамп баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде.
Еске сала кетейік, Ресей президенті Владимир Путин Трампқа Украина мен Таяу Шығыстағы жағдайды реттеудегі күш-жігері үшін алғысын білдірген болатын. Оның айтуынша, олар Ресей мен Украина келіссөзінің үшінші раунды қашан жалғасатынын алдыңғы кездесу барысында келіскен.