АСТАНА, 28 маусым – Sputnik. "Еуразия жүрегіне саяхат" халықаралық экспедициясына қатысушылар Қазақстан бойынша сапарын жалғастырып жатыр.
Бұған дейін олар Ресейдің бірнеше облысын аралады, енді Қазақстанның батыс облыстары арқылы ел аумағына сапар шегіп жатыр.
Ақтөбеде және басқа жерлерде болып, Аралға жетті.
Олар Арал теңізін көріп, 40 жыл ішінде оның 90%-ға азайғанын білді. Балықшылардың облыс экономикасындағы рөлі туралы да айтылды.
Жергілікті тұрғындар қонақтарды жылы шыраймен, би билеп қарсы алды, өңірдің ерекше жерлерін көрсетті. Қатысушылар үшін дәстүрлі дастарқан жайылды.
Экспедицияны ұйымдастырушы – "Аймақтық интеграцияның халықаралық орталығы" автономиялы комерциялық емес ұйымы.