Никарагуа ЕАЭО-да бақылаушы мәртебесін алуға ресми түрде сұрау салды

Никарагуа Ресей және Беларусьпен медицина, фармацевтика және құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету саласындағы ірі жобалар бойынша белсенді жұмыс істеп жатыр
Sputnik
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Никарагуа ЕАЭО-да бақылаушы мәртебесін алуға ресми түрде сұрау салды және қазірдің өзінде ұйымның кейбір мүшелерімен, атап айтқанда Мәскеу және Минскпен ынтымақтастық орнатып үлгерді, деп хабарлады Никарагуа президентінің арнайы өкілі Лауреано Факундо Ортего Мурильо. Бұл туралы РИА Новости жазды.
"Никарагуа одақтағы бақылаушы мәртебесін ресми түрде сұрады", - деді ол Минскіде өткен Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық отырысында.
Лауреано Факундо Ортего Мурильо бұл ел үшін басты мақсат екенін айтты.
"Біз бұл мәртебені алу үшін барлық қажетті процедура мен талапты орындауға дайынбыз. Біз қазірдің өзінде осы одақтың бір бөлігі ретінде сезінеміз", - деді ол.
Ол сондай-ақ Никарагуа Ресеймен және Беларусьпен медицина, фармацевтика және құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету саласындағы ірі жобалар бойынша белсенді жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
Тоқаев: ЕАЭО цифрландыру үдерісін басқаруға тиіс