Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Еуроодақтың Ресейге қарсы жаңа санкциялары елге әсер етпейді - Путин

Бұл Ресейге қарсы 18-ші санкциялар пакеті болады
Sputnik
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Еуроодақтың Ресейге қарсы жаңа санкциялары елге әсер етпейді, деді Путин, деп хабарлады РИА Новости.
"Бізге қандай да бір зияны болады ма – қалыптасқан жағдайға сүйене отырып көреміз. Бірақ бұл бізге айтарлықтай әсер етеді деп ойламаймын", - деді ол журналистерге.
Ресей президенті Минсктегі ЕАЭО саммитіне қатысты.
Еуропалық кеңес төрағасы Антониу Кошта Еуроодақ Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін келісу бойынша жұмысты жалғастырады деп мәлімдеді.
Еске салайық, бұл 18-ші санкциялар пакеті болады.
Еуропалық саммит қорытындысы бойынша Еуроодаққа мүше 27 елдің 26-сы қабылдаған саммиттің қорытындыларында жаңа санкциялар пакеті бойынша жұмысты жалғастыру да көрсетілді.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Еуроодақ Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірлеуді жалғастырады