Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Еуроодақ Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірлеуді жалғастырады

Еске салайық, бұл 18-ші санкциялар пакеті болады
Sputnik
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Еуроодақ Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін келісу бойынша жұмысты жалғастырады, деп мәлімдеді Еуропалық кеңес төрағасы Антониу Кошта, деп хабарлады РИА Новости.
Кеңес төрағасы бұл туралы еуропалық саммит қорытындысы бойынша айтты.
Еске салайық, бұл 18-ші санкциялар пакеті болады.
"Біз санкциялардың жаңа пакетін әзірлеуді жалғастырамыз", - деді ол Брюссельдегі баспасөз мәслихатында.
Еуроодаққа мүше 27 елдің 26-сы қабылдаған саммиттің қорытындыларында жаңа санкциялар пакеті бойынша жұмысты жалғастыру да көрсетілді. Бұл мәлімдемеге бір ел қосылмады. Бұған дейін Венгрия еуропалық саммиттердің қорытынды мәлімдемелерінің украиналық бөлігін бекітуден бас тартқан болатын.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украина премьер-министрі Еуроодақ бөлген қаражат туралы айтты