Жетісу облысында алкоголь мен темекіден бас тартқан ауылда қылмыс азайды

Көкпекті – облыс көлемінде ішімдік пен темекіден бас тартқан 8 ауылдың бірі
Sputnik
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Жетісу облысында алкоголь мен темекіден толық бас тартқан Көкпекті ауылында қылмыс азайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полицияға сілтеме жасап.
Көкпекті – облыс көлемінде ішімдік пен темекіден бас тартқан 8 ауылдың бірі. Ауыл тұрғындары бұл шешімді осыдан 4 жыл бұрын қабылдаған.
"Сол уақыттан бері дүкен сөрелерінде зиянды өнімдер сатылмай келеді", - дейді полицейлер.
Мұндай қадамның оң нәтижесі көп күттірмеді – қылмыс деңгейі айтарлықтай төмендеп, ауылда тәртіп пен тыныштық орнаған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысындағы Жамбыл және Шағырсай ауылының тұрғындары ішімдіктен толығымен бас тартқан болатын. Жергілікті дүкендер ауыл тұрғындарының шешімін қолдап, алкоголь өнімдерін ассортименттен өз еркімен алып тастады.
Солтүстік Қазақстандағы екі ауылдың тұрғындары ішімдіктен толық бас тартты