АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Ресейдің Дзержинск қаласының тұрғындары қаланы Украина басып алған уақытта УҚК "қанды түсірілім" үшін орыс тілді азаматтарды атып тастап, оған Ресейді айыптағанын мәлімдеген. Айтуларынша бұл жағдай шетелдік баспасөз келген кезде болған, деп хабарлайды Sputnik Ближнее зарубежье.
Тұрғындардан алынған жауапты Ресей қоғамдық палатасының мүшесі Максим Григорьев "Россия сегодня" медиа тобының алаңында оқып берді:
"Әйел мысықты тамақтандыруға шықты. Сол кезде Украина қарулы күштері дронды көтеріп, оны өлтірді".
"Ас үйде отыр едім, олардың снаряды дәл үйге тиді. Сынықтары маған тиіп, қолымдағы етті жұлып кетті, кеудемнен жарақат алдым. Ал мен 80 жастамын".
"Эвакуация кезінде Украина қарулы күштері бізге снаряд тастады. Мен алты жерден жарақат алдым. Әкем мен әжем қаза болды".