Семейде 7 мыңға жуық бала ваучермен қамтылды

Ваучерлік жүйе енгізілгелі бұл көрсеткіш тағы 44 пайыз азайған
Sputnik
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Абай облысына жұмыс сапары аясында өңірдегі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы жұмыстармен танысты.
2025 жылдың наурыз айынан бастап Семей қаласындағы 73 балабақшада ваучерлік қаржыландыру жүйесі пилоттық жоба ретінде енгізілді.

"Қазіргі таңда 7 мыңға жуық бала мектепке дейінгі біліммен қамтылып, балабақша кезегі 20 пайыз қысқарған", - деп жазылған хабарламада.

Соңғы алты жылда балабақшаға кезек бес есе қысқарса, ваучерлік жүйе енгізілгелі бұл көрсеткіш тағы 44 пайыз азайған.
Министрлік мәліметінше, қазіргі таңда елімізде 11,6 мыңға жуық мектепке дейінгі ұйым бар. Онда 100 мыңға жуық тәрбиеші жұмыс істейді.
​​Тағы алты аймақ ваучерлік қаржыландыруға қосылды