Қазақстан мен Қырғызстанның одақтастығы тереңдей түседі - сенат заңды мақұлдады

Қазақстандық кәсіпкерлер Қырғыз экономикасына 1,3 млрд доллардан астам инвестиция салды
Sputnik
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Сенаторлар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы одақтастық қатынастарды тереңдету және кеңейту туралы шартты ратификациялауға арналған заңды мақұллады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Шарт саяси, әскери, сауда-экономикалық,инвестициялық, ауыл шаруашылығы, транзиттік-көліктік, су-энергетикалық, білім беру, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді. Негізгі мақсаттар:
тауар айналымын 1,5 млрд АҚШ долларынан 3 млрд-қа дейін ұлғайту ;
Қазақ-қырғыз шекарасында Индустриялық сауда-логистикалық кешен салу;
тауар номенклатурасын кеңейту;
тұрақты бизнес-форумдар мен сауда миссияларын өткізу, сондай-ақ өңіраралық әріптестікті тереңдету.
Қазақстандық кәсіпкерлер Қырғыз экономикасына 1,3 млрд доллардан астам инвестиция салды. Шарт бұл үрдісті одан әрі жандандыруға жол ашады.
Сонымен қатар, тараптар терроризмді, экстремизмді және сепаратизмді, сондай-ақ трансұлттық ұйымдасқан қылмысты, киберқылмысты, заңсыз көші-қонды, адам саудасын, қару-жарақтың, есірткінің, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымын қоса алғанда, қауіпсіздіктің қазіргі заманғы сын-тегеуріндер мен қатерлерге қарсы іс-қимылдағы ынтымақтастықты кеңейтеді.
Бүгін сенаторлар заңды бірауыздан мақұлдады.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Астанаға келді