АСТАНА, 26 маусым - Sputnik. 10 жыл ішінде ЕАЭО өзін жаһандық дамудың негізгі орталықтарының бірі ретінде танытты, деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин Минскіде өтіп жатқан IV Еуразиялық экономикалық форумда.
Ресей Федерациясы президентінің негізгі мәлімдемелері:
Одақтың ішкі саудасы 97 миллиард долларға жетті. ЕАЭО-ның үшінші елдермен саудасы 800 миллиард долларды құрады, мұны әлемнің жетекші державаларымен салыстыруға келеді.
Негізгі капиталға салынған инвестиция 40%-дан астамға өсті. Еуразиялық тұрақтандыру қорында 9 миллиард доллар жиналды, қажет болған жағдайда оны экономиканы қолдауға пайдалануға болады.
ЕАЭО-да өнеркәсіп өндірісі 30%-ға, өңдеу өнеркәсібі 46%-ға өсті. Ауыл шаруашылығында өсім 26 пайызды құрады.
Одақтағы жұмыссыздық 2,8%-ға дейін төмендеді, бұл әлемдегі ең жақсы көрсеткіштердің бірі.